Эртеде бір әйел күйеуін қатты жақсы көретін болыпты. Бірде ол күйеуін қызғанғанға ауылының ғұламасына барып дәрі жасап беріңіз деп өтініш жасайды. Ол мүмкін емес екенін білсе де ғұлама оған дәрі жасап берейін, тек оған тірі еркек арыстанның мойнындағы жүнінен кесіп алып кел депті. Содан әлгі әйел жүнді әкелуге бел буып, аңшыларға барады.