Ащы мен Тәтті
Кішкентай бала ас үйде, жақсы көретін «пирогын» дайындап жатқан анасының қасында отыр. Ерігіп үстел үстіндегі заттарды ауызға салып, дәмін көре бастады. Алдымен ұннан бастады. Жаратпады. Ашытқыны (дрожь) көріп еді, дәмі денесін түршіктіріп жіберді. Сосын анасына: «Анашым! Пирогымыз бұрынғыдай тәтті болмайтын сияқты. Мына нәрселердің бәрі ащы екен?», - үстелдің үстін нұсқап. Анасы: «Алдымен пирогты дайындайық, сосын жауабын өзің бересің», - дейді. Аздан соң тағам дайын болды. Ауыз тиген бала пирогтың әдеттегідей дәмді екенін байқады. Анасы баласына пирогтың ұнағанын байқап: «Иә, жағымсыз нәрселердің басын ептілікпен қоса білсең, ұнамды нәрсе дүниеге келуі мүмкін», - дейді.
Дәл сол секілді біздің өміріміз де ащы-тұщы, қатты-жұмсақ, қышқыл, дәмді нәрселерден тұрып, бақытты-бақытсыз кездерден құралады. Алайда барлығы бірлесіп жақсылық үшін жұмыс жасайды. Біз үшін ауыр әрі қайғылы көрінген істер тұлғалық сипаттарымызды қалыптастырып, өзгенің қайғысын түсінуге жәрдемдеседі.