Ерлі-зайыптылар сұхбаттасып отырып, ері əйеліне:
- Туыстарымды, аға-інілерімді, əпкелерім мен жиендерімді сағындым. Ертең тəтті тағамдар жасап, дастарқан жайсаң деймін. Бүгін оларға қоңырау шалып, үйге шақырамын! Жиналмағанымызға да біраз болыпты,- деді.
Əйелі наразылығын білдіргендей дауыспен:
- Мейлі, келе берсін, Құдай қаласа бір мəнісі болар!- депті.
Күйеуі:
- Олай болса оларды ертеңге шақырамын... - деді.
Таң атты. Əдеттегідей күйеуі жұмысына кетіп, сағат: 13:00 ден аса үйіне келді. Əйелінен:
- Қонақтарға дастарқан дайынба? Туыстарым біраздан соң келіп қалады!- деп сұрады.
Əйелі:
- Жоқ, ештеңе əзірлемедім. Бөтен емес, жақындарыңыз ғой. Үйде не бар, содан жей береді, - деді тыжырынып.
Күйеуі:
- Алла сені кешірсін... Неге бірнəрсе пісіру ниетің жоқтығын кеше айтып қоймадың? Қазір келіп қалады, не қыламыз енді?!- деді сұраулы жүзбен.
Əйелі:
- Оларға қоңырау шалып, келмесін деп айтыңыз, кешірім сұрай салыңыз, бітті сонымен. Бөтен емес, туған-туыстарыңыз. Дұрыс түсінеді ғой!- дейді.
Күйеуі ашуланып үйден шығып кетіпті. Бірнеше минуттардан соң есік тақылдады. Əйел барып есікті ашты да, тұрған жайында қатып қалды. Өйткені есіктің алдында өзінің ата-анасы, аға-інілері, əпкелері мен жиендері тұр.
Əкесі қызынан:
- Күйеу балам қайда?- деп сұрады.
Қызы:
- Біраз алдын шығып кетіп еді...- деп жауап берді зорға.
Əкесі:
- Кеше күйеуің бізді үйлеріңе шақырған болатын. Бізді шақырып, өзі кетіп қалғаны қызық болды-ау, а?- дейді.
Əйелді найзағай ұрғандай болды. Терлеп кеткен қолдарын бір-біріне ысқылап тұрып, ойға шомыпты: "Үйдегі барымен жақындарымды күте алмаймын, жо-жоқ, оларға тура келмейді. Күйеуінің туыстарына бола береді, бірақ өзінің туыстарына емес. Қалайша өз туыстарына қарапайым, көрімсіз дастарқан түзейді?"
Əйел жедел түрде күйеуіне қоңырау шалып:
- Неліктен үйге менің туыстарымды шақырғаныңызды айтпадыңыз?- деп сұрады.
Күйеуі:
- Менің туыстарым не, сенің туыстарың не, екі жақтың не айырмашылығы бар?- деді.
Əйел:
- Сізден өтінемін отағасы! Үйде дастарқанға қоятындай нəрселер жоқ, тамақта қылмағанмын. Бір дайын тамақ сатып ала келіңізші...- деді жыларман болып. Сонда күйеуі:
- Мен қазір үйден ұзақтамын. Сосын олар бөтен емес, "сенің туыстарың!" Оларды да менің туыстарыма бермекші болған, үйдегі бар нəрселеріңмен қонақ ет! Енді бұл саған сабақ болсын. Менің туыстарымды да құрмет қылуды үйрен!...- деген екен.